jasqazaq.kz

Президент кедендегі былықтарды тоқтатуды тапсырды

11 қантар 2022, 15:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында кедендегі тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеденде, әсіресе Қытаймен шекарада тәртіп орнатудың астарында бюджетке кірісті арттырудың маңызды әлеуеті жатыр. Онда болып жатқан нағыз былықтар бәріне мәлім. Машиналар толық тексерілмейді, салықтар мен баждар төленбейді, Қытайдың кеден органдарымен салыстырмалы статистикасындағы сәйкессіздік миллиардтаған долларға жетеді. Қандай да бір қол сұғылмайтын мәртебесі бар уәкілетті операторлар бар. Еліміз салық түріндегі ондаған миллиард теңгені жоғалтуда. Бұлай жалғаса беруіне болмайды», — деді Президент. Мемлекет басшысы Бас прокуратураға Қаржы министрлігімен, Қаржы мониторингі агенттігімен және басқа да мүдделі органдармен кешенді тексеру жүргізіп, кеден шекарасындағы тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр