jasqazaq.kz

Президент: Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр

06 қыркүйек 2019, 12:53

Бүгін дәл осындай жаңа форматта кездесіп отырғанымыздың өзі оң өзгерістерге бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр, — деп мәлім етті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында.

Ақорда баспасөз қызметінің Twitter- де жазуынша, ҚР Президенті ұлттық мүдде мемлекеттік саясаттың басты бағыты болатынын айтқан. «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналады деп сенемін. Біз халық сенімін ақтауымыз керек. Әрбір азаматтың мүддесі біз үшін өте маңызды. Ұлттық кеңеске мүше болып отырған өздеріңіздей азаматтар жұмылса, жұмысымыз табысты болады деп сенемін. Кез келген маңызды бастама қоғамда ашық талқыланып, халықтың қолдауына ие болуы тиіс», -деп атап өткен Мемлекет басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде