
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter-дегі парақшасында дзюдошы Елдос Сметовті Гран-придегі жеңісімен құттықтады.
«Белгілі спортшымыз Елдос Сметовті әлемдік дзюдо додасындағы айқын жеңісімен құттықтаймын! Жарайсың, бауырым! Биік шыңдарға жете бер! Өзің сияқты спортшылардың жетістіктері – жас буынға жақсы үлгі», – деп жазды Мемлекет басшысы.