jasqazaq.kz

Президент: Диплом басып бере беретін ЖОО-ларды жабу қажет

27 мамыр 2020, 13:51

Диплом басып бере беретін жоғары оқу орындарын жабу қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Білім сапасын арттыру үшін мен жоғары оқу орындарына қойылатын талапты қатаңдатуды тапсырған едім. Жалған дипломдар беретін кеңселерге біздің жүйемізде мүлдем орын болмауы тиіс. Бұл жұмыстарды табанды түрде әрі барынша қысқа уақытта аяқтау керек. Біз бұл жайында Білім министрмен сөйлескен едік. Қандай қиындық болса да, ЖОО-деп аталатын оларды кім қорғаса да бұл жұмысты аяқтау керек. Диплом басым шығаратын бұл мекемелерді табанды түрде жабу қажет», — деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті мұнан бөлек, кезең-кезеңімен жоғары оқу орындарының профилизациялануын, мамандануын, сонымен бірге білім сапасын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

«Білім сапасының маңызды аспектісі академиялық адалдық мәдениетінің жан-жақты дамуын енгізу болуы тиіс. Министрлік академиялық адалдық лигасының мүшесі саналатын жоғары оқу орындарын қолдауға және дамытуға міндетті», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚазАқпарат

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)