jasqazaq.kz

Президент боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады

10 қараша 2022, 13:13

Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Бұған дейін Suleimen Promotions компаниясы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы ресми мәлімдеме жасады.

«Әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектен кейін Айдос Ербосынұлы Миннеаполистегі ең үздік клиникаға орналастырылды. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп жоқ, ол екі аптаға жуық бақылауда болады», — деп хабарлады қазақстандық спортшының промоутері.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр