jasqazaq.kz

Президент білім беру саласын қайта реформалау қажеттігін айтты

21 қантар 2022, 15:33

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі білім беру саласы қайта қаралатынын мәлімдеді.

Мен біздің елдегі білім саласын қайта форматтан өткізгім келеді. Біз экономист, заңгер мен менеджер мамандарын көптеп шығара бастадық. Бірақ бізге қазір білімді техникалық рельске түсіру керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасына өзгеріс керек екенін атап өтті.

Біз жас азаматтарды оқуға, оның ішінде Ресейге аттандыратын боламыз. Бәлкім, ең бірінші кезекте Ресейге, техникалық жоғары оқу орындарына жіберу керек шығар. Таяуда ғана мен әлемнің жетекші елдерінің филиалдарын техникалық мамандықтар бойынша ашуды тапсырдым. Қазақтар, жас қазақтар ең алдымен технарь болуы керек. Бұл – менің түпкі байламым.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы мәселе жөнінде Үкіметке егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы кәсіпкерлерге қарапайым отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсетуді ұсынды.

Егер әрбір қаржылық өнеркәсіптік топ заманауи зауыт орнатса, ауылдардан, қала маңынан, ірі қалалардан келген 1000 қарапайым баланы оқытса, оларға жақсы және адал ақша табуға мүмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі болар еді. Бизнестің бір жауапкершілігі болуы керек. Бұл үшін сіздерде бәрі бар: капитал, тәжірибе, менеджерлер тобы, нарықтың шынайы көрінісі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде