jasqazaq.kz

Президент Атырау облысындағы жолдардың сапасын сынға алды

04 маусым 2019, 12:32

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы жолдардың сапасын сынға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Президентінің twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Облыста 2 мың шақырымнан астам автокөлік жолы бар. Бірақ, оның тең жартысына жуығы нашар. Қалған 217 шақырым жолды жөндеу жұмысын 2021 жылдан кешіктірмей қолға алуды тапсырамын. Аталған жобаға қосымша 65 млрд теңге бөлінеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірдегі гидротехникалық нысандардың ескілігіне де тоқталды. «Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуді айтпай кетуге болмайды. Гидротехникалық нысандар ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген, жаңғыртылмаған. Өздігінен су шығарып жатқан 120 ұңғыма өңірдің су қорына айтарлықтай нұқсан келтіруде. Олар жойылуы тиіс!», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде