
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа Көк-Төбеде кесілген алма көшеттері үшін cөгіс жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
«Швейцарияда үш жыл жұмыс істеуіме тура келді. Онда ағаштарды заңсыз кесу, тіпті бір ағашты кесіп тастау ауыр қылмыс болып саналады, себебі ол — бүкіл халықтың ортақ мүлігі. Көк-Төбедегі алма көшеттері сын көтермейді. Осыған байланысты әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Игі істі жоқ қылдыңдар. Осы іске кіріссең — жасау керек. Қолыңнан келмесе, кіріспе», — деді Тоқаев.