jasqazaq.kz

Премьер-министр: Жарнаманы басқа тілде жазуды тоқтату керек

11 наурыз 2020, 15:14


Біздің тілде жазсақ, ешкім түсінбей қала ма?  Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов елдегі қоғамдық орындарда жарнамалардың орыс тілінде жазылғанын сынға алды. 

9 наурызда өткен видеоселекторлық жиналыста үкімет басшысы жарнамалардағы қателер жөнінде айтып, өзбек тілі көбірек қолданылуы тиіс екенін айтты.   «Бірқатар дүкендер, асханалар «Скоро открытие» немесе «Мы открылись» деп жазып қойған. Жарнамаларды орыс тілінде жазу орталық қалада ғана емес, ауылды жерлерде де сәнге айналған. Біздің тілде жазсақ, ешкім түсінбей қала ма? Жоқ, дүкенге ешкім кірмей қоя ма? Мемлекеттік тілге деген патриоттық сезім болуы керек», – деді Арипов.

Үкімет басшысы елде негізгі коммуникация тілі өзбек тілі екенін ескертіп, жарнаманы басқа тілде жазуды тоқтату керек екенін талап етті.

sn.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия