jasqazaq.kz

Премьер-Министр сауда орталықтарын тексеруді тапсырды

27 наурыз 2018, 11:12

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев еліміздің Ішкі істер министрлігіне барлық сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігін тексеруді тапсырды.

«Назар аударатын тағы бір мәселе, Ресейдің Кемерово қаласында орын алған қайғылы жағдай барлықтарыңызға мәлім. Сауда орталығында өрт болып, көп адам қаза тапты, 60-тан аса. Оның 35-і балалар. Біздің Елбасымыз ресми түрде Ресей басшысына көңіл айтты. Бізде бұл төтеше оқиғадан сабақ алуымыз қажет», — деп атап өтті Үкімет басшысы. Оның дерегінше, қазірдің өзінде бұл мәселе әлеуметтік желілерде жоғары деңгейде талқыланып жатыр. Блогерлер өз бастамаларымен сауда орталықтарына барып, апатты есіктердің жабық, ашық екенін тексеруде. «Сол себептен Ішкі істер министрлігі мен өртке қарсы қызметтер әкімдіктермен бірлесіп, сауда орталықтарында тексеру өткізіп, тиісті шаралар қолдануы қажет. Асқар Ұзақбайұлы (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Мамин) сіздің бақылауыңызда», — деді Бақытжан Сағынтаев.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық