jasqazaq.kz

Премьер-министр парламентте кофе төгіп алып, еденді өзі жуды (видео)

06 маусым 2018, 10:27

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте парламент ғимаратында кофе төгіп алып, былғаған жерін өзі тазалады. 51 жастағы саясаткер қолына еденжуғыш құралды алып, тап-тұйнақтай етіп еден мен турникетті сүртті.

Осы жағдайға Түркиядағы голландиялық елші Кис ван Бек куәгер болды. Ол өзі түсірген видеоны Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Видео авторы ғимаратты тазалаушы қызметшілердің таңданысын және премьердің әрекетіне риза болған әйелдердің қол шапалақтаған сәтін түсіріп алған. Кейбір пікір қалдырушылар оның ісін «жарнама» деп жазды. Алайда дипломат Марк Рюттенің «шын мәнінде сондай адам» екенін түсіндірді. «Мен оның бірнеше рет Гаагада велосипедпен жүргенін көрдім», — деп жазды ван Бек. Сондай-ақ ол Нидерланды премьер-министрі жайлы былай деп жазды: «Оның саясаткер болуына қарамастан, ол тым жақсы әрі қарапайым».

Tengrinews.kz

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді