jasqazaq.kz

Пранк жасаймын деп 15 тәулікке қамалды

21 мамыр 2020, 19:10

Петропавлда кезекті хайп жасамақшы пранкерге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Жергілікті пабликтерде қала базарларының бірінде “Chevrolet TrailBlazer” автокөлігінің алдыңғы әйнегін сындырып жатқан жас жігіттің фотосы пайда болған.

20 жастағы қала тұрғыны өзіне және әлеуметтік желідегі аккаунттарына көпшіліктің назарын аудару үшін барын салып жатыр. Биыл жыл басында жігіт досымен бірге облыс орталығының көшелерінде үрлемелі матрацпен сырғанап, провокациялық бейне роликке түскен болатын. Алайда, видео жас пранкерлер ойлағандай танымалдылық жинай алмады.

Әлеуметтік желілердің әкімшілері және журналистер видеоға ешқандай сілтеме жасамай, бұндай әрекеттерге қатысты көзделген жауапкершілік туралы ойларымен бөлісті. Мақсаттарына қол жеткізе алмаған пранкерлер, оның ішінде көлік жүргізушісі де бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Петропавл қалалық Полиция басқармасында екі жігіт өздерінің, жол қозғалысы қатысушыларының өмірлеріне қауіп төндірген трюктері үшін көпшілік алдында кешірім сұрады.

Петропавл қалалық ПБ басшысының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, ұсақ бұзақылық фактісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал жиналды. Бұл бап санкциясында 15 тәулікке дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Полицейлер заңнамен белгіленген шараларды қабылдады. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия