jasqazaq.kz

Поштадағы ұрлық

29 сәуiр 2020, 12:05

Түркістан облысының полицейлері өзгенің ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады.

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.

Жәбірленуші ер адам, пошта бөлімшесіндегі есепшотынан 200 000 теңгеге жуық ақшасын белгісіз тұлға заңсыз шешіп алғанын көрсетті.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Аталған істің мән-жайын анықтау барысында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды.

Нәтижесінде осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықталды. Ол жергілікті тұрғын, пошта қызметкері жас қыз болып шықты.

Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінің қызметкері тұрғынның ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны айқындалды.

Сонымен өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен, өзгенің сеніп тапсырылған мүлікін иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) және 385-бабы (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілді.

Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі