jasqazaq.kz

Пошта қызметкері қомақты қаржы ұрлаған

07 желтоқсан 2018, 10:50

Түркістан облысында пошта қызметкері ірі көлемдегі ақшаны заңсыз иемденіп, қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«29 қараша күні Отырар аудандық полиция бөліміне пошталардың бірінен қатынас хат келіп түскен. Онда мекеменің бір қызметкері бөтеннің ақшасын заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалағаны айтылған. Аталған жайт Отырар полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қызметкерлерден құралған жедел тергеу тобы оқиға орнына келіп, мекеме қызметкерінің жалақыға бөлінген 3 800 000 теңге ақшаны алып кеткенін анықтады» делінген хабарламада. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Тараз қаласынан ұсталды. Тергеп-тексеру барысында айғақ зат ретінде ұрланған ақшаның бір бөлігі, яғни 1 миллион теңгесі тәркіленді. Қалған ақшаны ол өз қажетіне жаратып жіберген. Күдіктіден қолхат алынып, үйіне жіберілген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді