jasqazaq.kz

Пошта қызметкері ауыл тұрғынының жәрдемақысын жұмсап жіберген

21 мамыр 2020, 15:35

Түркістан облысы Келес ауданында бұрынғы пошта қызметкері тұрғынның есепшотынан ақша алған. Жәбірленуші ақшасының ұрланғанын мемлекет тарапынан берілген жәрдемақысы жоғалған соң бір-ақ білген.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, арызданып келген тұрғын есепшотына мемлекет тарапынан түскен 30 мың теңгені пошта қызметкері заңсыз алғанын айтқан. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, осы қылмысқа қатысты күдікті анықталған. Ол бұрынғы поштада қызметкері болып шықты. Тергеу барысында күдікті поштада істеп жүрген кезінде жергілікті тұрғынның ақшасын өзі қол қойып, алғанын мойындаған. Осылайша ол өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемденген. «Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 189 және 385-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Заңсыз алған ақшаны өз қажетіне жаратып жібергені белгілі болды. Қолхатпен босатылған. Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды» делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық