jasqazaq.kz

Португалияда көзі жоқ бала дүниеге келді

27 қазан 2019, 15:03

7 қазан күні Португалияның Сетубал қаласында мұрны, көзі және бас сүйегінің бір бөлігі жоқ бала дүниеге келді. Акушер Артуро Карвалью немқұрайлық танытқаны үшін қызметінен шеттетілді. Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Автордың айтуынша, бұған дейін де бұл акушерге қатысты кемінде алты шағым түскен. «Родриго есімді баланың анасы үш рет УДЗ жасатқан, бірақ ұрықтың жағдайы туралы дәрігер ештеңе айтпаған. Жүктілік кезінде әйел 5D-УЗИ жасағанда, оған баланың дамуы дұрыс жүріп жатпағаны хабарланған. Бірақ дәрігер Карвалью ата-анасына алаңдайтын себеп жоқ екенін, кейде УДЗ кезінде баланың беті толық көрінбейтінін айтқан», деп жазады басылым. Автордың жазуынша, дәрігерлер бала бір аптадан артық өмір сүрмейтінін айтқан, бірақ бала ауруханада жатыр. «Бұған дейін де Карвалью есімді дәрігерге арыз-шағымдар түскен. Олардың кейбірі он жыл бұрын жасалған. Бір жағдайда 2011 жылы бет пішіні өзгерген және миы зақымданған бала дүниеге келген. Қазір ол бала бес жаста және оған бірнеше операция жасалды», деп жазады басылым.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда