jasqazaq.kz

Порошенко Зеленскиймен пікір таластыруға келісті

04 сәуiр 2019, 14:32

Украина президенті Петр Порошенко Владимир Зеленскиймен Киевтегі «Олимпийский» стадионында дебат өткізуге келісті. Порошенко қарсыласын сайысқа шақырған бейнежолдауын Twitter-дегі парақшасында жариялады.

«Бірақ сайыста сайлау заңы сақталуы керек», – дейді қазіргі президент. Ал Зеленский болса пікірталастың тікелей эфирде жүруімен бірге оған қатысушылардың дәрігерлік тексеруден өтуін сұрауда. «Бұл сайыскерлер арасында ішкіштер мен нашақорлар жоқ екенін көрсету үшін қажет» дегенді айтады шоумен. Еске сала кетейік, Украинада наурыздың 31-і күні президенттік сайлау өткен болатын. Бірақ ешбір кандидат сайлаушылардың 50 пайыз дауысына ие бола алмады. Сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Владимир Зеленскийді сайлаушылардың 30 процентін, ал Петр Порошенко 16 пайыз дауысын жинаған. Пётр Порошенко, Украина президенті: — Пікірсайыс тәртібі президенттік сайлау туралы заңда бекітілген. Оқысаңыздар болады. Ол қоғамдық телеарнаның негізінде барлық арналарда көрсету арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бірақ стадион болса, стадион болсын. Владимир Александрович, мен сізді күтемін.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда