jasqazaq.kz

Полторанин қазақстандықтардан кешірім сұрады

06 наурыз 2019, 10:30

Австрияда тұтқындалып, артынша босатылған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин допинг дауына қатысты пікір білдірді. Өз сөзінде спортшы қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Австрияда тұтқындалғанынан бір апта өткеннен кейін Полторанин мәлімдеме жасады. Ол ешқашан допинг қолданбағанын айтты.

«Ешқашан допинг қолданған емеспін. Әлем чемпионатында тыйым салынған затты бір рет қолданып көргім келді. Алайда, Құдайға шүкір, бұл ойымды жүзеге асырмадым және сол үшін қуанамын. Мен елімізге жеңіс сыйлап, жанкүйерлерімді қуантқым келді. Болған жайт үшін өкінемін және барлық спортшыдан, спорт сүйер қауымнан, ел басшылығынан және халықтан кешірім сұраймын», — дейді шаңғышы.

Таяуда аталған допинг дауына қатысты тың мәліметтер пайда болды. Австриялық БАҚ мәліметінше, Германияда спорт дәрігері Марк Шмидт тұтқындалған. Оның үйінен қатырылған қан құйылған 40 пакет табылды. Сараптаманың көмегімен бұл қандардың қай спортшыларға тиесілі екенін анықтауға болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда