jasqazaq.kz

Польша-Беларусь шекарасында жүк көліктері тізіліп тұр

18 сәуiр 2022, 20:03

Польша-Беларусь шекарасында Еуроодақтан шықпақ болған жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұр. Бұл туралы  ВВС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, ресейлік және беларусь жүк тасымалдаушылары ЕО-дан санциялар мерзімі аяқталғанша шығып кетуге тырысуда.

Еуроодақ дәрі-дәрмек, пошта немесе мұнай өнімдерін тасымалдайтындарды қоспағанда, Ресей мен Беларусьтен келетін жүк көліктеріне Еуроодақ аумағына кіруге немесе сонда қалуға тыйым салды.

Көліктердің кезегі 80 шақырымға дейін созылған.

Айта кетейік, екі шекара бекетіндегі жүк көліктерінің саны 230-дан 400-ге дейін жетеді.

Беларусь Көлік министрлігі Еуроодаққа мүше елдерде тіркелген көліктерге қатысты оларға қарсы шаралар қабылдады.

«2022 жылғы 16 сәуірде сағат 00:00-ден бастап Еуропалық Одақ аумағында тіркелген автокөліктерді (және тіркеп сүйрейтін көліктерді) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы Беларуське өткізуге тыйым салынады», — деп хабарлайды Беларусь Көлік министрлігінің сайты.

Олардың жүк операцияларын және қайта ағытуды жүзеге асыру үшін белгілі бір өткізу пунктілері арқылы арнайы белгіленген орындарға жүруіне бұл талап қолданылмайды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр