jasqazaq.kz

Польша әуежайында домбырадан күй төгілді

02 желтоқсан 2018, 13:29

Польша астанасы Варшава қаласының әуежайында қазақтың күйлері орындалды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Фридерик Шопен атындағы әуежайда домбыра, қобыз және жетіген бір уақытта күйден шашу шашты. Шара ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орайластырылған. Ерекше әуенді естігісі келген жолаушылар көптеп жиналды. Кейін әуезді музыканың ырғағымен бірге би билеп, мәз-мейрам болды. Жекелеген көрермендер шараны смартфондарына түсіріп, қызықты қойылым үшін ризашылықтарын білдірді. Польша әуежайындағы концертті Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының музыканттары қойды. Бұл олардың Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай шетелдіктерге жасаған тосынсыйы болды. «Мұндай қойылымды алғаш рет көріп отырмын. Адамдардың бәрі риза. Өйткені Ұлы дала музыкасы Варшаваның орталығында ойналды. Өзім музыкаға жақын адаммын. Сондықтан осында шырқалған ән-күй де, биленген би де өте керемет болды. Үлкен рахмет», — деді Леонид есімді жолаушы. «Маған музыка мен би өте қатты ұнады. Сіздің елдің мәдениеті мен музыкасы әдемі. Қазақстанда болған емеспін. Бірақ ондай мүмкіндік туып жатса, қуана-қуана барамын. Астананың суреттерін көрген едім, шаһар бірден ұнады», — дейді көрермен болған әуежайдың тағы бір жолаушысы Ханна.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді