jasqazaq.kz

Полицияны ұрған Әсия Төлесова заң алдында жауап бере ме? (видео)

09 маусым 2020, 13:45

Алматы полициясы танымал қазақстандық белсенді Әсия Төлесованы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыптады.

«Заңсыз митингіге қатысқан Төлесова кезекші полиция қызметкеріне қарсы күш қолданды. Төлесованың заңсыз әрекеті дәлел ретінде тіркелген бейнежазбалармен құжатталған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы (билік өкіліне тіл тигізу) және 380-бабы (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ішкі істер министрлігінде.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, аталған баптар үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

«8 маусымда күдікті Төлесова Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Алматы полициясының тергеу изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

6 маусымда Алматыдағы митингілер кезінде ұсталғандардың қатарында «Шындықтан қашып құтылмайсың!» акциясына қатысушы Әсия Төлесова да болды. Кейіннен ол босатылғанын, тіпті оған хаттама толтырмағанын хабарлаған.  Алайда кешке қарай оны қайтадан ұстағаны белгілі болды. Бұл жолы да көп ұзамай босатылған. Сол күні желіде бірқатар блогерлер 11 секундты видеоны таратты. Онда Төлесованың полиция қызметкерін ұрғанын байқауға болады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Дереккөзі: Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде