jasqazaq.kz

Полицияға оқ атқан адам 15 жылға сотталды

03 мамыр 2019, 11:46

Алматыда аңшы мылтығымен үйінің шырқын бұзып, полицияға оқ атқан бұзақы сотталды. 

37 жастағы Джафаров Радий 2017 жылы 11 желтоқсанда Ә.Молдағұлова көшесіндегі үйінде мас күйінде жанжал шығарған. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ашуға бой алдырған ол үйіндегі аңшы мылтығымен төбеге екі рет атып, отбасын, көршілерін қорқытқан. Содан соң енесін соққыға жыққан. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Боран-188 жол-патруль полициясының экипажы келгенде мас бұзақы қарумен аулада еліріп жүрген. Тәртіп сақшылары әйелдерге қауіпсіз жерге қарай кетуін өтінеді. Полицейлерді көрген бұзақы машинаға қарай оқтала бастайды. Сол сәтте полиция экипажы қаруын тастауды, өйтпесе табельді қаруды қолданатындарын айтқан. Сонда бұзақы бір рет оқ атып үлгерген. Абырой болғанда, оқ көршісінің қоршауына тиген», — деді полк командирі Манап Сәттаров. Сол сәтте 24 жастағы сержант Абылайхан Оқас аспанға оқ атып ескерту жасайды. Бұл да бұзақыны тоқтатпады. Полиция сержанты Дәулет Кенжеғазы қылмыскердің ішінен атып, оны жарақаттауға мәжбүр болады. Шұғыл шақыртылған жедел жәрдем қылмыскерді ауруханаға жеткізеді. Ол жазылып шыққан соң сот алдында жауап берді. Ол «мас болғандықтан, кімге оқ атып жатқанымды көрмедім»деп ақталды. Сот Джафаров Радийді ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлімімен айыпты деп танып 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Кейін апелляциялық коллегия бұл сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде