jasqazaq.kz

Полицияға қол көтергендер қамауға алынды

18 ақпан 2020, 13:29

Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу аяқталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе аулында жол полициясы қызметкерлерінің патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы «Хонда Одиссей» автокөлігі тоқтатылған. Көліктің тиісті құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған. Алайда, ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратылды. «Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорымен Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Үш айыпталушы өз кінәларын толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынды. Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды»,-делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия