jasqazaq.kz

Полициядан қашқан жүргізуші өзенге секіріп кетті

20 наурыз 2022, 13:06

Атырауда мас жүргізуші полицейлерден қашып, өзенге секіріп кетті. Бұл туралы   Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Полицейлерден қашпақ болған «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі өзенге секіріп кеткен. Владимирский мен Ғұмаров көшелері қиылысында күмәнді көлік полицейлер назарына іліккен.

«Көлікті тоқтатқан кезде жүргізуші Авангард 4-ықшамауданындағы үйлердің біріне тоқтап, көліктен түсіп, көпірге қарай жүгіре жөнелген. Көлік жүргізушісі Жайық өзеніне жүгіріп барып, суға секіріп кетті», — деді полиция өкілдері.

Патрульдік полиция инспекторлары полиция аға лейтенанты Жексенбек Нұрымов пен оның әріптесі полиция лейтенанты Сақауов Данабек құқықбұзушыны ұстады.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ (бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған) 33 жастағы ер адам көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болған. Ол «көп арақ ішкен едім» деп ақталып, полицейлерді көргенде қашпақ болғанын айтқан.

Айта кетейік, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі, 613-бабы 3-бөлігі 1-тармағы, 612-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 7-бөлігі бойынша хаттама толтырылған. Жиналған құжаттар сотқа жолданды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде