jasqazaq.kz

Полициядан қашқан мас жүргізуші ұсталды (видео)

11 қыркүйек 2020, 14:20

Павлодар облысында полицияның мас жүргізушіні қуып жүріп, тоқтатқан сәті видеоға түсіп қалды.

Полиция мәліметінше, оқиға 10 қыркүйек кешкі сағат 17.45-те болған. Тәртіп сақшылары Омбы тасжолындағы Достық ауылы маңында мас жүргізушіні ұстаған.

«ВАЗ 2107″ көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүрді. Ол полицияның талабын орындаған жоқ. Күдікті Павлодар қаласына қарай жүруді жалғастырған. Жүргізуші Мичурин ауылының маңында ұсталды», — дейді департамент басшысы Нұрлан Мәсімов.

https://youtu.be/jkZPkQYA7nE

Тексеріс барысында 30 жастағы жүргізушінің мас болғаны анықталды. Ол әкесінің көлігін алып, жолға шыққан. Алайда күдіктіде жүргізуші куәлігі болмаған. Кейін ер адамда бұл құжаттың мүлдем жоқ екені белгілі болды.

«Ауыл тұрғынының үстінен «көлікті мас күйде жүргізу» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Материал сотқа жіберілді», — делінген хабарламада.

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде