jasqazaq.kz

Полициядан 27 жыл бойы жасырынып жүрген күдікті Мәскеуде ұсталды

Бүгін, 11:00

Павлодар облысында полицияның жедел-іздестіру тобы Ресей ІІМ жедел қызметкерлерімен бірлесіп Мәскеу қаласында іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Ол 1999 жылдан бері Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуыл үшін полициядан бой тасалап, ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, 2026 жылдың 10 айында барлығы 82 қылмыскер іздеуде болды. Оның ішінде 62 қылмыскерді полицияның аумақтық бөлімшелері биыл іздеуге жариялаған. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген 73 қылмыскер анықталды. Олардың біреуі адам өлтіргені үшін, 3-еуі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, 3-еуі тонау жасағаны үшін іздеуде болған. Бұл туралы Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Танжанов мәлімдеді.

Сонымен қатар қабылданған шаралар нәтижесінде облыс аумағында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 31 қылмыскер анықталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетел мемлекеттерінің аумағында жасырынып жүрген 7 қылмыскер анықталды. Іздестіру жұмыстары полицияның жедел-қызметтік қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар жазаның бұлтартпастығының негізгі қағидатын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі.

Сурет: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия