
Алматы қаласы Полиция департаменті ер адамды қағып, капотта сүйреп, сосын көлікке салып алып кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді.
Видео әлеуметтік желіде тарап кеткен. Оқиға Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында болғаны хабарланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция департаменті аталған жайт бойынша «102-ге» хабар түспегенін айтты.
«Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру бөлімінің қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап, сондай-ақ оның қатысушыларына тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру шараларының нәтижелері бойынша болған оқиға нақты сараланып, одан әрі кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылданады», — дейді ведомство өкілдері.
Tengrinews.kz