jasqazaq.kz

Полиция заңсыз ойын бизнесіне байланысты істі жасырған

03 қыркүйек 2019, 22:51

Қызылорда облысы Қазалы ауданында заңсыз ойын бизнесін жүргізген азаматқа қатысты қылмыстық іс полиция тарапынан жасырылған.

Бұл оқиға Қазалы аудандық прокуратурасы тарапынан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аудандық полиция бөлімі заңсыз ойын бизнесі арқылы жеңіл жолмен ақша тапқан жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Оқиға орнын тексеру барысында заттай дәлел ретінде ойын бизнесіне арналған құрал-жабдықтар тәркіленді. Дегенмен аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан құқық бұзушылыққа жол берілген. Онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркелмей, қылмыс жасырылған. Аудандық прокуратура тарапынан қолға алынған жұмыстар нәтижесінде бұл қылмыс ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іс Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі анықталды. Қылмыстық іс бойынша Қазалы аудандық соты үкім шығарды. Жазаға тартылған тұрғынға 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Қазалы аудандық прокуратурасы аудан көлемінде заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу және алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Прокуратураның бастамасымен жүргізілген шаралар нәтижесінде заңсыз ойын бизнесіне қатысты 8 қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданып, сот үкімімен кінәлілер тиісті жазасын алды», — деп мәлім етті Қазалы аудандық прокуратурасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде