
Желіде Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлігінің қасында полиция қызметкерлері бірге тұрған видео пайда болды. Көлік видеоға Көкжайлау аумағында түсірілген. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Полиция бұл видео, төтенше жағдайлар бөлімі және Іле Алатау ұлттық саябақ қызметкерлерімен бірге өткізген рейдтік іс-шара кезінде түсіргенін айтты. Рейд 2020 жылдың 30 мамырында болған. Оқиға орнына барған ведомство қызметкерлері демалушылармен жұмыс жасады. Ұлттық саябақтың инспекторы Алексей Поценко видео түсірді. Ол полиция неліктен Toyota Land Cruiser маркалы көліктің жанында болғанын түсіндірді. Инспектордың айтуынша, өткен сенбі сағат 11:00-де ол ПД және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін шатқалдар жаққа аттанған. Toyota Land Cruiser өзіне тиесілі екен. Ол патрульдік көлік тауға шыға алмайтынын түсіндірді, өйткені ол жолы жоқ жерлерде жүруге бейімделмеген. Соған байланысты Алексейдің жекеменшік көлігін пайдалану керек болған. Инспектор полицияға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, оның айтуынша, тәртіп сақшылары заң бұзушыларды анықтауға зор үлесін тигізді.