
Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы полиция майоры әшкереледі. Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр», — делінген хабарламада. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.