jasqazaq.kz

Полиция майоры қыз зорлады деп күдіктелуде

21 маусым 2021, 12:20

Павлодарда полиция майоры күдіктіні зорлаған болуы мүмкін деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Аталған факт бойынша Павлодар облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120 «Зорлау» және 362 «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп түсіндірді Полиция департаменті.
Еске салсақ, павлодарлық құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодардағы тергеу изоляторында «Мені полиция майоры зорлады» деген 22 жастағы қызды кездестіргенін айтқан. Бойжеткеннің сөзінше, оны 17 ақпанда ұстап, жеке тінту жүргізген, содан кейін полиция бөліміне әкеліп, түн ортасына дейін тергеу әрекеттерін жүргізген. Сосын оны пәтерге апарған, полицейлердің бірі «бәрінің шаршағаны мен осында түнейтінін, таңертең полиция бөліміне бірге баратынын» айтыпты.

Құқық қорғаушы жеткізгендей, қыздың сөзінше, ол пәтерде Павлодар облысы Полиция департаментінің полиция майорын көрген. Ол күдікті қашып кетпеуі үшін күзету керек деген желеумен диванда қыздың жанына жатып алған, содан кейін зорлаған деседі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия