jasqazaq.kz

Полиция күшейтілген режимге көшеді

04 маусым 2019, 12:38

Сайлау күні қарсаңында Қазақстанның барлық аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Бұл туралы  Sputnik хабарлады.

Министр қазір бүкіл елдің аумағында «Құқық тәртібі» операциясы жүргізіліп жатқанын, сондықтан қауіпсіздік шаралары қолға алынғанын атап өтті.

«Операция 6 маусымға дейін жүргізіледі. Сайлауға байланысты 7-12 маусым аралығында барлық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді», — деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Ол 8 маусым тыныштық күні екенін, сондықтан үгіт-насихатқа тыйым салынғанын еске салды.

«9 маусымда сайлау, ол өте ерте басталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің патруль барлық дерлік жерде жұмыс істейді. Бұл сайлау кезінде өткізілетін қалыпты шаралар», — деп сендірді министр.

Тұрғымбаевтың айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полицей жұмылдырылмақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде