jasqazaq.kz

Полиция көлік ұрыларын қуып жүріп ұстады (видео)

03 маусым 2020, 17:56

Ақтөбе облысы ПД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 312 Атқыштар дивизиясы көшесінде ресейлік есептегі «ВАЗ-21115» маркалы автокөлігін айдап әкету әрекеті кезінде үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Күдіктілер автокөліктердің есіктерін ашып, сымдарды тұйықтап, көлікті айдап кеткен. Полицейлер аталған көлікті ізге түсу арқылы тоқтатқан. Сонымен қатар, күдіктілердің Ақтөбе қаласының аумағында орын алған бірқатар пәтер ұрлығына да тікелей қатысы бар екендігі анықталды.

Қазіргі таңда, айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Ұсталғандардың осыған сәйкес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

https://youtu.be/nDkuIcsUo8k

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия