jasqazaq.kz

Полиция Қызылордадағы атыстың мән-жайын айтты

27 наурыз 2018, 22:11

Қызылордада тапа-тал түсте атыс шығарғандарға қатысты істің мән-жайы белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, бүгін, 27 наурызда Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14.50 шамасында Әйтеке би көшесінде жастар арасында қақтығыс шығып, нәтижесінде бір адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілген еді. «ҚІІБ кезекші бөліміне Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында бұзақылық орын алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекеті анықталды. Нәтижесінде қаланың 1 тұрғыны дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа (ОМО) жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабы, 3-бөлігі, «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда, күдіктілер, бұзақылық әрекеттің мүшелері ҚІІБ жеткізілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты мәліметтер жария етілмейді», — деді ОІІД бастығының орынбасары Н.Анарбаев. ОМО директорының міндетін атқарушы Қанат Жундабековтің айтуынша, зардап шеккен азамат облыстық медициналық орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі кезде оған ота жасалып жатыр. «Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Сол мезетте «іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалған» деген диагноз қойылды. Дәл қазіргі кезде науқасқа ота жасалып жатыр. Оның жағдайы кейін белгілі болады», — деді ОМО директорының міндетін атқарушы Қанат Жундабеков. Айта кету керек, аймақ жастары арасында қылмысты және басқа да әрекеттерді болдырмау мақсатында білім, жастар саясаты мәселелері басқармалары жергілікті полиция қызметімен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, әр сенбіде жастар көп шоғырланатын орындарда «Стоп — қылмыс» атты рейдтер ұйымдастырылады. Еске салайық, оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Видеода ер адамдардың атысқаны, кейін жерде жатқан адамды бір топ полицейдің көтеріп жатқаны түсірілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде