jasqazaq.kz

Полиция қызметтік планшеттердің ломбардқа өткізілуіне қатысты түсінік берді

27 ақпан 2020, 17:31

Шымкент қалалық Полиция департаменті қызметтік планшеттерді ломбардқа өткізу фактілерін жоққа шығарды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Жуырда кейбір БАҚ-тар экс-полицейдің сөзіне сүйеніп, полицейлер 30-дан астам қызметтік гаджетті ломбардқа өткізіп жібергендігі туралы ақпарат таратты. Алайда, Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын айтты. «Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бұрынғы қызметкері Ф. Шәріпбайұлының тергеу жұмыстарына қатысы (планшеттерді ломбардқа тапсыру ісі– ред.) болған жоқ. Ломбардқа қызметтік планшеттерді тапсыру фактілері қауесет болып табылады», – деп хабарлады департаменттен. Алайда, мәлім етілгендей, қызметтік мүлікті пайдалану тәртібін бұзғаны және басшылық тарапынан жіберілген бақылаусыздық үшін бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Таратылған ақпаратқа сәйкес, 2019 жылдың қыркүйегінде Шымкент Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік планшеттерді ломбардқа тапсырудың бірнеше фактісін анықтаған. Бірақ тексеру кезінде барлық планшеттер полицейлердің қолданысында, яғни ведомствода болып шыққан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия