jasqazaq.kz

Полиция қызметкерінің өртеніп кеткен денесі табылды

10 шiлде 2019, 13:00

Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды.
Майордың жүрек тұсына пышақ салынған. Бейтаныс әйел телефонмен Жайсан ауылының маңында адам денесін көргенін айтқан. Артынша көрсетілген жерге жедел топ қызметкерлері келіп, әріптесінің өртеніп кеткен денесін көрген. Бұл Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-сараптамалық жұмыс тобының инспекторы, полиция қызметінің майоры 30 жастағы Бағдат Мәмілеев болып шықты. Полицейді анықтауға ерекше белгісі де көмектескен — ол үш жыл бұрын жол апатына түсіп, жарақат алған екен, денеде сол жараның ізі бар. Оның жеке куәлігі мен қызметтік куәлігі тұлғасын куәландырды. Сонымен қатар құжаттар жатқан пакетте ұялы телефон, қуаттандырғыш, аздаған ақша, джинсы шалбар, екі жейде және ауыстыратын киімдері болған. Заттар салынған пакет мүрдеден 10 метр жерде жатқан. Полицейдің өліміне ұрлық немесе қарақшылық себеп болуы мүмкін емес. Керісінше жағдайда, қылмыскер ұялы телефон мен ақшаны ұрлап кетер еді.

КТК

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда