jasqazaq.kz

Полиция қызметкерін пышақтады

09 ақпан 2021, 20:54

Өскемен қаласында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ведомствода хабарлағандай, 8 ақпанға қараған түні Өскемен қалалық полиция басқармасының ППБ патрульдік жасағына көпқабатты үйлердің бірінде тыныштықты бұзу туралы қоңырау келіп түскен. Шақыру орнына дереу жеткен патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция аға лейтенанты Нұржан Какеев пен полиция аға лейтенанты Бекарыс Абдолданов алкогольдік ішімдік ішкен екі ер адамның 9-қабаттағы баспалдақта бір-бірімен қатты сөйлесіп тұрғанын анықтаған. Полиция қызметкерлері ер адамдарға олардың тәртіпті бұзып жатқанын түсіндіріп, шу шығармауын өтінген. Алайда, олар полицейлердің сөзін тыңдамай, дауласа бастаған. Кейін олардың бірі полиция қызметкерінің мойнына пышақ сұғып, содан кейін баспалдақпен төмен қарай жүгіріп кеткен. Пышақ жарақатын алғанына қарамастан, Нұржан Какеев тез арада қашып бара жатқан тәртіп бұзушының артынан жүгірген. Көшеде жүгіріп келе жатқан ер адам полициядан қашып құтыла алмайтынын түсініп, полиция қызметкерлерінің алдында пышақ ала бастаған.

«Осыған байланысты полицейлер ер адамның қолындағы пышақты жұлып алу үшін арнайы «ПР» құралын қолданған, атап айтқанда, олар тәртіп бұзушының қолын резеңке шоқпармен ұрып жіберген, сол кезде ер адам пышақты қолынан түсіріп алған», — дейді полиция қызметкерлері.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия