jasqazaq.kz

Полиция қызметкері заңға бағынбай ма? (Видео)

07 шiлде 2021, 11:28

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің өзін видеоға түсірген адаммен дөрекі сөйлесіп, оның қолындағы телефонды жұлып алуға тырысқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеоның авторы тәртіпті талап ететін тәртіп сақшысының өз көлігін қараңғылап алғанын байқап, оны видеоға түсіре бастаған. Осы кезде бұл көліктен түскен полиция қызметкері онымен дөрекі сөйлесіп, түсірілімді дереу тоқтатуды дөрекі түрде талап еткен. Өзінің қалжыңдап тұрмағанын білдіру үшін оның қолындағы телефонды да қағып жібереді.

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Алматы облысының ПД баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталған видео негізінде Қапшағай қалалық полиция бөлімінің патрульдік полициясының взвод қызметі инспекторына қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабы 5-бөлігі, яғни әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылғанын хабарлайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта полиция қызметкеріне азаматтарға қатысты дөрекі қылық таныту фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Қарамағындағыларды дұрыс қадағаламағаны үшін басшылықтың жауапкершілігі әдеп тәртібімен шешілетін болады, — дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия