jasqazaq.kz

Полиция қызметкері адам өлтіргені үшін ұсталды

08 наурыз 2021, 17:22

Қостанайда екі ер адам арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды. Күдікті – полиция қызметкері. Бұл туралы  Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қылмыс түнде сағат үштер шамасында Қостанайдағы Тәуелсіздік көшесінде болған.

«Қостанай облысының полиция департаменті 99-баптың 1-бөлігімен («Кісі өлтіру») 37 жастағы екі ер адамның арасындағы қақтығыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның біреуі тіркелген мылтықтан оқ атқан.

Алынған жарақаттан ер адам қаза тапты. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», — деп түсіндірді ведомство.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің полиция қызметкері екенін растады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасында қызметтік тергеу басталды», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия