jasqazaq.kz

Полиция қызметкері 6 адамға оқ атып, кейін өзін өлтірді

19 қараша 2017, 22:15

Сенбі күні кешкісін Францияның Сарсель қаласында полиция қызметкері үш адамды атып өлтіріп, тағы үшеуін жаралады. Бұл туралы бүгін құқыққорғау органдарының мәліметіне сүйеніп, France Info радиостанциясы хабарлады.

Оған сәйкес, полиция қызметкерінің сүйіктісі, оның анасы мен әпкесі оқ жарақаттарын алған, ал әйелдің әкесі мен екі көршісі оқиға құрбаны болған.

Кейін 31 жастағы полицей өз-өзіне қол салды. France-Presse агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, полиция қызметкерімен бірге тұратын әйел жақында одан кететінін мәлімдеген. Осыған сәйкес тергеу қызметі жанжал тұрмыстық дау-дамай салдарынан болды деген нұсқаны ұстанып отыр.

Айта кетсек, Францияның полиция қызметкерлері 2015 жылы елде болған лаңкестік оқиғадан кейін кезекшілік соңында қаруды өткізбеуге және оны үйлерінде сақтауға рұқсат алған.

ҚазАқпарат

 

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті