jasqazaq.kz

Полиция қоғамдық көліктегі жолаушыны да тексеруде

08 сәуiр 2020, 23:34

#үйдеотыр

Алматыда карантинді сақтау мақсатында полиция қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр. Тәртіп сақшылары алматылықтардың карантин режимі кезінде қала ішінде жүруіне рұқсатты тексеріп жатыр. Планшеттермен полиция инспекторлары азаматтардың КВИ-мен күресу жөніндегі Жедел Штабтың бірыңғай тізілімінде болуын немесе болмауын анықтайды. “Бұл жұмысқа учаскелік полиция инспекторлары қатысады, олар қаланың қоғамдық көліктерінде тексеріс жүргізеді. Әр азаматтың деректері электронды түрде тексеріледі. Ақпарат болмаған жағдайда, шұғыл қажеттіліксіз көшеде болуға қатысты шектеулер туралы ескерту жасаймыз. Біз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес талаптарды түсіндіреміз. Жергілікті полиция қызметкерлері тек ЖШ тізіліміндегі мәліметтерге сүйенеді. Бұл шаралар карантиндік режим аяқталғанға дейін өткізіледі”, – деді Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия