jasqazaq.kz

Полиция қарт әжейдің суретіне қатысты түсініктеме берді

15 маусым 2020, 14:50

Алматы облысының полиция департаменті Жетіген ауылында тұратын қарт әжейдің әлеуметтік желіде тараған суретіне қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде бет-аузы көгерген қарияның суреті тарады. Желідегі жазбаға сүйенсек, Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында 14 маусым түнде белгісіз ер адам мен әйел қарт әжейдің үйіне терезені сындырып кірген. Ұйқыдан оянып кеткен қарияны басынан ұрып, соққыға жыққан. Үйін тонағаннан кейін, әйелді өлді деп ойлап, іргелес ауылға апарып тастаған.

Алматы облысының полиция департаменті 14 маусымда 79 жастағы қарияның көптеген жарақатпен Іле ауданының ауруханасына түскенін растады.

«Жауап алу кезінде әжей жалғыз тұратынын, үйінде абайсызда құлап қалғанын айтты. Дене жарақаты да содан пайда болыпты-мыс. Алайда, қарияның жауабы тергеудің күмәнін тудырып отыр. Осыған байланысты істің егжей-тегжейі тексерілуде. Соған қарағанда, әйел жақындарының бірін қорғаштайтын сияқты», — деп мәлімдеді полициядан.

Бұдан бөлек, департаменттің ақпаратынша, қария шағымданудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.

Алматы облысының полициясы аталған фактіні тіркеп, тексеріс жүргізіп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Вчера 13.06 в ночное время, по адресу: Алматинская область, пос.Жетыген, ул.Советская, 109, двое неизвестных, мужчина и женщина через окно вломились в дом. Бабушка проснулась и пока одевала халат ей нанесли удар голове и избили. Грабители украли из дома денежные средства. После избиения грабители подумали, что бабушка умерла от нанесённых ударов и вывезли ее в поселок Нура. В этом же поселке проезжавшая мимо скорая заметила и отвезла в больницу бабушку. Сейчас бабушка находится в отделении травматологии в больнице ГРЭС.

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

sputniknews.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі