jasqazaq.kz

Полиция ғимараты мен Алматы әуежайына шабуыл жасаған адам ұсталды (Видео)

31 наурыз 2022, 13:30

Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы полиция ғимараты мен әуежайға шабуыл жасағандардың бірін ұстады. Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция басқармасының басшысы Оңал Бекиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерді қаңтардағы тәртіпсіздікті тергейтін көліктегі полиция департаментінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұстаған.

«Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарау барысында Алматы қаласында тұратын 24 жастағы Жамбыл облысының тумасы анықталып, ұсталды. Анықталғандай, ол биылғы жылдың 5 қаңтарында басқа да тәртіпсіздіктерге қатысушылармен бірге, қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына қарулы шабуыл жасаған. Содан кейін жас жігіт сыбайластарымен Алматы қалалық ІІД ғимаратын таңғы сағат 6-ға дейін қоршауға алған», — деді генерал-майор Бекиев.

Оның айтуынша, бұдан кейін ұсталған азамат қаруды белгісіз біреуге 40 000 теңгеге сатып жіберген.

«Қазір оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп қосты Бекиев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде