jasqazaq.kz

Полиция есірткіге жарнамасын ілгендерді іздеп жатыр

20 қараша 2019, 15:45

Алматының орталық көшелерінде есірткі жарнамасы туралы баннерлер көпшіліктің наразылығын тудырды.

Бұл туралы қоғамдық белсендісі Әсем Жапишева Facebook парақшасында жазды. Пост авторы мұндай жарнамалық баннерлерді бірнеше орталық көшеден көрген. «Баннерде QR-код пен сайт атауы көрсетілген. Сол код арқылы сайтқа өтіп, стафф, спид, мефедрон, кристал басқа да заттарды алуға болатыны көрсетілген. Одан да сорақысы баннер ілген адамдар айфон, тағы басқа заттарды ойнату үшін байқау ұйымдастырған. Байқау талаптары – баннер қасында суретке түсіп, достар мен таныстарды тэгтей отыра әлеуметтік желіде жариялау керек. Тек бұл фитнес орталықтың жарнамасы емес, есірткі дилерлерінің жарнамасы», — деді ол. Қоғам белсендісі мұндай баннерлердің Қазақстанның 5 ірі қаласы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Алматыда бар екендігін айтты. «Бұл дерек қалалық Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бақылауына алынды. Құқық қорғау органдары тарапынан шұғыл шаралар қолға алынды. Тексеру нәтижесінде баннерді жариялаған компания анықталды. Жақын арада тапсырыс беруші де табылып қалады», — деді Полиция департаментінен. Полиция қазір бұл баннерлерді алып тастауда.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда