jasqazaq.kz

«Полиция бастығының ұлының үйлену тойы»: Алматыда қызметтік тексеру басталды (Видео)

01 шiлде 2022, 12:43

«Полиция бастығының ұлының» үйлену тойында түсірілген деген видеоға қатысты Алматы Полиция департаменті пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналист Михаил Козачков Facebook желісінде Алматыдағы тойлардың бірінде түсірілген видеоны жариялады. Оның айтуынша, жіберген адам видеоға «полиция басшыларының бірінің ұлының үйлену тойы түсірілгенін» айтқан.

Видео жиынға қатысушылардың бірінің Instagram-парақшасындағы Stories-тен алынған көрінеді. Кадрларға қарағанда, тойға көп қонақ келгені, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көптеген сыйлық ойнатылғанын байқауға болады. Ойнатылған сыйлықтар ішінде бензин құюға талондар да бар.

Полиция мәліметінше, қызметтік тергеу басталған.

«Автордың айтқан уәждері тағайындалған қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріліп жатыр. Қызметтік тәртіпті бұзу анықталған жағдайда полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылады», — деді Алматы Полиция департаменті өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде