jasqazaq.kz

Полиция бастығы қол астындағылардан ақша алып отырған

09 қантар 2019, 17:10

Парақорлыққа қатысты қылмыстық іске іліккен Жітіқара қалалық және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығы және осы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы үйқамаққа алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылғы 23 желтоқсанда Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюросының аға тергеушісі Ш.Б.Шонтасовтың өтінішін қанағаттандырды. Қостанай облысы прокурорының орынбасары М.Е.Сматовтың келісімімен, Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығы және осы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығын екі ай мерзімге үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды», — делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында. Еске салсақ, 2018 жылдың 21 желтоқсанында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жітіқара қалалық және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығын және осы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығын 1,5 млн теңге сомасында пара алу барысында ұсталды. Күдіктілер бағынышты қызметкерлеріне бұрын үстемақы ретінде төленген ақшасына заңсыз алым-салық салып отырған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде