jasqazaq.kz

Полиция басшылары жемқорлық күдігіне ілінді

09 қазан 2019, 11:26


Бірқатар полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін күдіктелуде.

Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 8 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысының Полиция департаментінің Қауіпсіздік қызметі басқармасымен (ҚҚБ) бірлесіп бірқатар полиция қызметкерлерінің, соның ішінде басшылық құрамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілерін анықтады. «Полиция майоры, Алматы облысының ПД Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушыға, аға лейтенант, Алматы қаласының ПД Түрксіб аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторына қатысты азаматты алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы күдіктінің ісін неғұрлым жеңіл санатқа қайта саралау желеуімен 1 250 000 теңге сомасындағы қаражатын иемденгені үшін Алматы қаласында сотқа дейінгі тергеу басталды»,- делінген хабарламада. ПБ бастығының міндетін атқарушы ұсталып, Алматы қаласының ПД-нің уақытша тергеу изоляторына қамалды. Алматы облысында осыған ұқсас қылмыс жасау күдігі бойынша Қарасай ауданы полиция басқармасының тергеушісі әшкереленді. Ол азаматты алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы басқа тергеушінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша бас бостандығын шектеумен байланысты жазаны қолданбас үшін 2,5 млн теңгеге жуық қаражатты иемденгенді деп күдіктелуде. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәларының деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды. Сондай-ақ, Ақмола облысында Атбасар аудандық сотының үкімімен аға лейтенат, аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Н.Е.Тұрғабұл қылмыстық істі тоқтату үшін азаматтан 150 000 теңге сомасында пара алғаны үшін айыпты деп танылды. «Тұрғабұлға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан және арнайы шенінен айырумен 4 500 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», — дейді агенттік.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда