
Атырауда Жергілікті полиция қызметінің басшылары қоластындағылардан пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі полиция басқармасы ЖПҚ бастығының орынбасары және бөлімше бастығы полиция подполковнигі Д. Жұмашевқа және полиция аға лейтенанты Р. Балтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, қарамағындағылардан жалпы қамқорлығы үшін пара бопсалап, сондай-ақ оларға сыйақыларының 50 пайызын төлеуге мәжбүр еткен. «19 маусымда Атырау қаласы № 2 сотының үкімімен Жұмашев және Балтаев түрлі айыппұлға сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, арнаулы атақтарынан айырылды», — деп хабарлады агенттік өкілдері.