jasqazaq.kz

Полиция 47 адамды іздеп жатыр

31 наурыз 2020, 19:01

#үйдеотыр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 47 адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Полиция инфекция жұқтыруы мүмкін деген адамдарды медицина мекемелеріне жеткізу шарасын қолға алды. Біз мұндай адамдарды денсаулық сақтау органдарының тапсырысы бойынша іздейміз. Қазіргі кезде осы санатқа жататын тағы 47 адамның жүрген жері анықталып жатыр», — деді Тұрғымбаев бүгінгі онлайн брифингте.
Осы орайда министр халыққа үндеу жолдап, қазіргі шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.
«Қазіргі кезде әлемнің бәрі қатаң оқшаулауда өмір сүріп жатыр. Көп адам болатын жерге бармаңыздар. Үйден шықпаңыздар. Қазіргі кезде тәртіп пен сақтық шараларын сақтаған аса маңызды. Режимді бұзатындар өз өміріне ғана емес, айналадағы адамдарға да, алдымен, жақындарына қауіп төндіреді. Сондықтан полиция мен дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтауды сұраймын», — деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Төтенше жағдай және карантиндегі қалалар

Қазақстанда 16 наурыз -15 сәуір аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді. Елорда, Алматы және коронавирус көп тіркелген қалалар карантинге жабылды. Өзге өңірлерде де төтенше жағдай режиміне қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр.

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді