jasqazaq.kz

Полиция 21 жастағы қызды қағып кетті

19 қараша 2019, 11:03


Оралда полиция автокөлігі 21 жастағы қызды қағып кетті. Блогер Айболат Бөкенов facebook парақшасында жариялағандай, оқиға кеше түнде Зачаган кентінде «Молодежная» аялдамасы тұсында болды.

Борттық нөмірі 174, мемлекеттік нөмірі 614 KP 07 патрульдік полиция автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге сағат 21.58-де қоңырау шалынды. Бригада 22.05-те жетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1998 жылғы қыз зардап шекті. «Қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген қыздың жағдайы ауыр. Бас пен мидың ашық жарақатын алған оған ота жасалған. Қазір жансақтау бөлімінде», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Әзірге Полиция департаменті оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

inform.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда